Документальная драма «Kөріпкел» - мистические истории из реальной жизни.
Kөріпкел

Kөріпкел

Дүйсенбі - 15:00; сейсенбі - 15:00

Қайталау:  сенбі - 15:00; жексенбі - 02:00

«Kөріпкел» деректі драмасы – шынайы өмірдің тылсымға толы оқиғалары

Өміріңізде миға сыйымсыз табиғаттан тыс күшпен бетпе-бет кездесіп көрдіңіз бе? Бұны ғылыми тұрғыдан түсіндіру қиын. Бұндайдан дәрігерлер   ат-тонын ала қашады. Бұл құбылыс біздің ішкі жан дүниемізді астаң-кестеңін шығаруы мүмкін. Адамның қаһары, ашу-ызасы жағымсыз энергияға айналса не істеу керек? Дуа мен көз тиюден қалай сақтануға болады? Арғы беттен жеткен тылсым күшті қалай қабылдау керек? Осы сауалдардың жауабын  «Kөріпкел»  деректі драмасынан табасыздар.

Оқиға желісі  бойына  нағашы әжесінен көріпкелдік қасиет дарыған Ұлпан есімді қыздың айналасында өрбиді. Тұқым қуалаған табиғаттан тыс күш иесі Ұлпан өзгенің көзіне көрінбейтін тылсым әлемнен ақпарат алады. Ол өзгенің жанына батқан  дертін бірден сезіп, қол ұшын береді. Айналасындағы адамдарға төніп тұрған қауіп-қатерді алдын ала біліп, жәрдемдеседі. Бірақ бұл қасиет Ұлпанға жақсылық әкелді деу қиын. Қарапайым адамға жат қасиет  иесі Ұлпан өзінің жеке өмірін біржола жауып тастауға мәжбүр. Таудай талабы бар қызға бармақтай бақ бұйырмаған....  

«Kөріпкел» - деректі драма. Әр шығарылым адамның адалдығын, тұрақсыздығын, қатыгездігін, махаббатын, ержүректілігін, торығуын, үмітсіздігін  бейнелейді. Кейде жантүршігерлік сұмдық әрекеттің иесі жанымызда жүрген адам екенін кеш түсінеміз.

Деректі драманың сериялары мында.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.