{metadescription}
Красный уровень / анонс

Красный уровень

20.03.2018

Фильмнің сюжеті соңғы жылдары Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға негізделген. Бас кейіпкер, ҰҚК-нің тергеушісі Ернар Есенгелдиев бірқатар қатыгез қылмыстарды тергеп жүріп кенеттен экстремистік топтың ізіне түседі. Бұл топтың Қазақстан астанасында бірден бірнеше лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлағаны мәлім болды. Мыңдаған бейбіт азаматтардың өміріне қауіп төнді. Сонымен бірге майор Есенгелдиевтің жеке өмірінде де дағдарыс туып, ең жауапты сәтте ол сатқындыққа тап болады.

Фильмде басты рөлді қазақ киносының жұлдызы Берік Айтжанов сомдайды («Анаға апарар жол», «Аманат», «Жаужүрек мың бала», «Возвращение в А»). Сондай-ақ, Тәуекел Мүслім («В поисках мамы», «Все из-за мужиков»), Сая Оразғалиева («Вузеры», «Ғашық жүрек»), Филипп Волошин («Кто вы, господин Ка?», «Младший брат»), Нышанбек Жұбанаев («Холостяк», «Песня птиц») қатысқан.

Қазір эфирде