{metadescription}
Пегастың қанаты

Пегастың қанаты

СЕНБІ - 21:00

Тұсаукесер!

Мелодрама

Люся Журавлева өте арманшыл қыз болатын, ол өзі тұратын шағын қалашықтағы мектептің жоғары сыныбында оқып жүргенде-ақ Мәскеуге кетіп, театр институтына түсетініне, атақты болатынына, кейін ауқатты бизнесменге тұрмысқа шығатынына сенімді еді. Алайда кейіпкер қызға бұл армандарына жету оңайға түспейді. Оқуын тәмәмдаған Люся бірден поезға отырып, Мәскеудегі теміржол станциясына жетеді. Ол жерден институтқа емтиханға тапсыруға барып, оқудан құлап қалады. Арманының тас-талқаны шыққан Люся сонда да үмітін үзбей, модель боп жұмысқа тұрмақ болады. Алайда қызды аса тартымды емес деп бағалағандар оны жұмысқа алмайды. Бір қуаныштысы, Люсяға бейтаныс бір әйел көмектеседі. Ол оны «Пегас» мейрамханасына ыдыс-аяқ жуушы етіп жұмысқа орналастырады. Керемет мейрамхананың иесі Завьялов өте сымбатты жігіт болатын. Люся оған ғашық боп қалады да, жігітті өзіне назар аударса деп армандап жүреді. Көп ұзамай Люся Завьяловтың астаналық сұлу қалыңдығы барын біледі. Бір күні қарақшылар Завьяловтың сүйген қызын ұрлап әкетіп, ол үшін ақша талап етпек болады, сөйтіп абайсызда оның орнына Люсяны ұрлап әкетеді. «Пегас» мейрамханасының иесі өзінің сүйген қызын құтқаруға ұмтылады, алайда ол өз мейрамханасындағы ыдыс-аяқ жуушы қызды құтқарып жүргенінен бейхабар еді.

Рөлдерде: Наталья Бергер, Константин Соловьев, Анна Попова

Қазір эфирде