{metadescription}
Күнәһар махаббат

Күнәһар махаббат

ДҮЙСЕНБІ - ЖҰМА - 16:20

Мелодрама

Түркия, 2015 жыл.

Керим – 50 жастағы үйленген бизнесмен, үш баланың әкесі. Бірде аса маңызды тендерге қатысуға келе жатқан оған белгісіз біреулер шабуыл жасайды да, бар өмірі күрт өзгереді. Адал жүргізушісі Керимге атылған оққа өз кеудесін тосып, сол жерде мерт болады. Енді оның артында қалған қызы Несрин мен жесірі Фатмаға қамқор болып, қанатының астына алуды өзіне қасиетті міндет санайды. Оларды ақ ниетімен үйіне алып келген жігіт мұның соңы неге апарып соғарын білмеп еді. Пәк көрінген Несрин періште болмай шықты. Шалқыған бай тұрмыстың бар рахатын сезініп, басы айналған қыз Керимнің әйелінің орнын иеленуді көксейді. Осы үйді үйіріп отырған Сельданың да жұрттан жасырып жүрген сұмдық бір құпиясы бар. Бұдан он сегіз жыл бұрын ол «күйеуім қуып жіберер» деп қорқып, жаңа туылған үшінші қызын біреудің ұлымен айырбастап жіберген еді. Содан бері ұяттан өзін қоярға жер таппай жүр.  

Рөлдерде: Дениз Ялчын, Тюркан Кылыч, Илкнур Шашмазер, Омер Фарук Бешкая, Аныл Кыр, Элиф Билгич

Қазір эфирде