{metadescription}
Орманшы

Орманшы

ДҮЙСЕНБІ - БЕЙСЕНБІ - 00:00

Детектив

Ресей, 2014 жыл

Бұрынғы арнайы жасақ маманы Леонид Зубов тағдырдың жазуымен айдаладағы орманда тіршілік кешіп жатады. Ол бұл жерден жанына тыныштық тауып, өзіне ұнайтын орманшының жұмысын жасап жүреді. Алайда бұл өлке де қауіп-қатерге толы еді.

Зубов пен оның жақтастары браконьерлермен, заңсыз кәсіпкерлікпен, қылмыс мәселесін шешумен айналысуға, сондай-ақ жергілікті Ольховка деревнясының тұрғындары түрлі көмектер көрсетуіне тура келеді. Рыжий есімді сенімді иті бар орманшыдан орман мен оның байлықтарын қарақан басының қамы үшін пайдаланбақ болған барлық қылмыскерлер қорқатын болады. Бұрынғы арнайы жасақ маманы Зубов орманда шын қожайынның кім екенін көрсетеді.

Леонидке бала күнгі досы, аңшы Глеб Сивый көп көмектессе, анау-мынауды «бүркемелеуге» тағы бір сенімді серігі, прокуратураның аға тергеушісі Виктор Дронов көмектеседі. Ержүрек достарға мәскеулік алыпсатарларға қажетті бұғы мүйіздерін заңсыз аулаудың жолын кесіп, қашқын сарбазды ұстап алудың сәті түсе ме? Ормандағы ағаштарды заңсыз кесу үшін адамдарды құл ретінде пайдаланған қарақшылар тобын қолға түсіруге, кепілде болған адамдарды босатуға шамалары жете ме? Мұнан басқа, Зубов өзі үшін ең қиын сұраққа жауап іздеп көреді. Ол шынында да әйелі қайғылы қазаға ұшырағаннан кейін басқа әйелді сүйе ала ма?

Басты рөлдерде: Олег Штефанко, Анна Большова, Анатолий Котенев, Александр Цуркан, Алексей Булдаков, Михаил Васьков

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.