{metadescription}
Тұлғасы анықталмаған

Тұлғасы анықталмаған

ДҮЙСЕНБІ - БЕЙСЕНБІ - 21:30

Тұсаукесер!

Шытырман оқиғалы детектив

Шағын қалада кісі өлімі орын алады: жергілікті құрылыс нысандарының бірінде полиция капитаны Шерегеда танымал киллер Смирновты өлтіреді. Бұл жағдайдың арты у-шуға ұласып, жұмбақ өлімді ашумен айналысу үшін бұл қалаға астаналық полиция майоры, Шерегеданың бұрынғы қандыкөйлек жолдасы Одинцов келеді. Шерегеданың әріптестері оған салқын қабақ танытып, капитанның әрекеттерін жасырып әлек болады, ал сырттан келген майорды басқа ізге түсіріп, жаңылдыруға тырысады. Алайда тәртіп сақшыларының өтірік сөздері мен жымысқы әрекеттеріне сенбеген Одинцов қол қусырып қарап отыра бермей, көздеген мақсатына жетуге тырысады. Ол өз басын қатерге тіге жүріп, атышулы осы бір істің түйінін шешпек болады, сондай-ақ жергілікті полиция қызметкерлері мен қылмыс әлемі серкелерінің арасында қандай байланыс барын анықтап, бұрынғы қанды көйлек жолдасының бұл жерде қандай роль атқаратынын түсініп көрмек болады...   

Рөлдерде: Алексей Гуськов, Виталий Коваленко, Олег Алмазов

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.