{metadescription}
Жарға лайық, жан сәулем

Жарға лайық, жан сәулем

ЖЕКСЕНБІ - 02:00

Мелодрама

Өзіне лайық жар табу әр жігіттің арманы екені белгілі. Алайда әке-шешесінің қалауымен, туыс әпкесінің қызын алып бермек болғанда, Тохирдің қатты сасқаны анық. Бүкіл өмірін бірге өткізер өз теңін қайдан тапса екен?!

Әбден басы қатып, түнде асығып келе жатқан жігіттің көлігінің астына түсіп өлмек болған қыз осы бір тығырықтан алып шыға алатындай. Жетім өскен байғұс қыз анасының аянышты өлімінен кейін жала жауып жатқызған жындыханадан қашып шыққанда, дәл осы Тохирге тап болғаны бекер емес сияқты. Кербез жігіттің жүрегін елжіретер әдебімен үлкендерге де ұнап үлгерген Дилором небір сынды басынан өткереді. Күнәдан пәк періште қалпын сақтай білген қыз ақырында еш уайым-қайғы көрмей, шалқып жүрген Тохирге махаббат құдіретін еріксіз мойындатып, алдына алып келеді.

Рөлдерде: Умид Эргашев, Ситора Алимджанова, Саида Раметова, Бахшилло Фатуллаев, Мурад Раджабов

Қазір эфирде