{metadescription}
Ясминнің тағдыры

Ясминнің тағдыры

ДҮЙСЕНБІ – ЖҰМА - 18:00

Тұсаукесер!

Драма

Кіршіксіз махаббатты, берекелі жанұяны, адал жарды қай қыз аңсамайды? Әсіресе үйлену тойының алдында қыз баланың күн сайын жүрегі өрекпіп, толқып, әр сағатын санаумен болады. Бірақ кейде күтпеген жерден бәле-жала келетіні бар. Бір айналдырғанды шыр айналдырады. Тойына бір аптадай уақыт қалғанда Ясмин әуежайға бара жатып, төлқұжатын үйде ұмытып кеткенін біледі. Жүгіріп үйіне оралса, болашақ жарым деген сүйіктісінің Ясминннің әріптес қызымен төсекте жатқанын көреді. Жан дүниесі әлем-жәлем болған Ясмин жігітімен сол жерде қоштасады. Жігітінің арсыз опасыздығына қатты қайғырып, ашуға булыққан қыз барға барып, ішімдік ішіп,  бейтаныс жігітпен танысып, тап сол күні пәктігін танымайтын жігітке сыйлайды. Сол түн оның бүкіл өмірін өзгертеді. Қателік жіберді ме? Махаббатқа бір минут, тіпті бір секунд жеткілікті. Қателік бірақ қателік емес, жаңа өмірдің бастауы болуы мүмкін. Мұны түсіну, оған сену де маңызды. Алдынан шыққан бейтаныс еркек – Түркияның мың жылдық салт-дәстүрін бұлжытпай орындап келген үлкен әулеттің мұрагері Саваш. Барда танысқан бейтаныс қыз Саваштың жүрегіне от салып, бейтаныс қызға өлердей ғашық болады. Таңертең қоштаспастан кетіп қалған қызды қайдан іздейді?  Қыздың есімі кім? Оны қалай табуға болады? Әкесі мен ағасы күтпеген жерден қайтыс болғаннан кейін, Саваш бүкіл әулетті басқарып, бар шаруаны мықтап қолына алған болатын. Ол мезгілсіз қайтыс болған ағасының әйеліне әмеңгерлік салтымен үйленуге мәжбүр болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрмен күрес, әулеттердің арасындағы қылмыстық заңсыз кәсіп, махаббат пен бақыты үшін күрес «Ясминннің тағдыры» атты сериалда өте керемет бейнеленген.

Рөлдерде: Мурат Йылдырым, Нургюль Ешилчай, Томрис Инджер, Фериде Четин, Октай Гюрсой

Қазір эфирде