{metadescription}
Өгей ана

Өгей ана

ДҮЙСЕНБІ - ЖҰМА - 16:40

Тұсаукесер!

Қазіргі кездері әрқилы себептермен анасынан, немесе әкесінен айырылып қалып жатқан балалар көбейіп кетті. Баласымен басқа еркекке тұрмысқа шығып жатқан әйелдер, я болмаса, бұрынғы әйелінен қалған баламен басқа әйел алып жатқан ер адамдар да көп. Өзбектің «Өгей ана» телехикаясында осы бір өзекті мәселе көтеріледі және анасынан айрылған қыз бен әкесінен айрылған ұлдың тағыдыры сөз болады. Дилдара деген қыздың шешесі  Азада жазылмайтын аурудан қайтыс болып кетеді. Оның әкесі Рустам Шахназа деген басқа әйелге үйленеді. Шахназаның өзінің де бұрынғы күйеуінен Бобур деген баласы бар болатын. Азаданың әкесі Адил «мен немеремді өгей шешенің тепкісіне қалдырмаймын» деп, Дилдараны өзінің үйіне алы кетіп, тәрбиелеп өсіреді. Өзі қартайып, ауырып-сырқай берген соң Адил Дилдараны әкесі Рустамға қайтарып жібереді. Бұдан соң, өгей шеше мен Дилдараның күрделі, шиеленіске толы қарым-қатынасы басталады. Бабур да Дилдараға қарындасым деп қарай алмайды, керісінше, оған ғашық болып қалады. Бабурдың досы, балалық шағында Дилдарамен бірге ойнап-өскен Бахадир да қызды сүйіп қалады. Міне, осылай «махаббат үшбұрышы» пайда болып, телехикаяның оқиғалары шиеленісе түседі. Бұл телехикаяның үлгі-өнегелік, тәрбиелік тұрғыдан да көрерменге берері мол.

Рөлдерде: Рано Зокирова, Бекзод Мухаммадкаримов, Феруза Норматова, Дилниёз Гаффоров, Дониёр Хафизов

Қазір эфирде