{metadescription}
Тәлімгер

Тәлімгер

ЖҰМА - 21:40

Детективті драма

Полиция майоры Кравцов, небір сыбайластық әрекеттерге қатысы барлығына қарамастан, басқармадағы ең мықты қызметкер ретінде танылып жүр. Міне, сондықтан да, оның қасына Сергей Горшенин дейтін жігітті шәкірт қылып қосады. Ол алғашқы күннен-ақ, сын сағаттарда ұстазына қалқан болуға жарайтын ақылды әрі адал жан екенін таныта бастайды. Бұл кезде Кравцовтың заңсыз жүргізілген тірліктерінде шикіліктер жиілей түседі. Осы полицей өз «қамқорлығына» алған астыртын казино қожайыны Малининнің інісі күмәнді әрекеттерге жиі араласатын болып жүр.  Соның нәтижесінде жедел қызметкенр ауыр жарақат алса да, Кравцов әлгі қылмыскерлер туралы мәліметті жасыруға мәжбүр. Алайда шәкірті Горшенин олардың ізіне өзі түсіп, ақырында бұрынғыдан да ауыр қылмысқа куә болады. Кісі өлтірушілердің кім екенін  Сергей біледі, бірақ та оларды құрықтаса, Кравцовтың өзі де, оның бастығы да сотталып кетуі әбден мүмкін. Өз принциптерінен бас тарта қоймас Горшениннің өмірі енді тәлімгеріне тікелей байланысты. Ал, оның сыбайластары «шәкіртің «погон таққан озбырлардың» қатарына қосылсын немесе оны өлтіруімізге тура келеді» деп, тым қатал талап қояды...

В ролях: Евгений Дятлов, Михаил Трухин          

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.