{metadescription}
Қазақтардың Шри-Ланкадағы шытырман оқиғалары

Қазақтардың Шри-Ланкадағы шытырман оқиғалары

Алып мегаполисте заманға сай өмір сүру үшін адамға жоғары рит қажет. Көптеген адамдар мансап қуып табысқа жетем  деп жүргенде өмірдің жаманды-жақсылы қыры барын ұмытады. Жұмысына қатты беріліп кеткені соншалық, жеке өмірін ойлауға уақыты да жоқ. Ата-анасы қызымыз жуық арада тұрмысқа шықпайтын болды деп уайымдайды. Ал Жанел каскадер болғандықтан, түрлі қауіпті трюктер орындап, таңертеңнен кешке дейін түсірілім алаңында жүреді. Бұл кәсіп оның өмірінің мәніне айналады.

Жігіттер де оны романтикалық кездесуге шақыруға асықпайды. Әріптестері Жанелді өз ашу-ызасына ие бола білмеймін күйгелек, ашушаң адам ретінде таниды. Ол тік мінезді қыз болғандықтан, кейде ерсі қылық жасайтын да кездері болады. Алайда бір күні Жанелге өзінің жұмысын біраз уақытқа доғара тұруына тура келеді. Оның әкесі Шри-Ланкаға кетіп, сол жақта басы дауға қалады. Ол заң білмегендіктен, шет мемлекеттің бірнеше заңын белден басады. Осы үшін оны түрмеге қамап қояды. Жанел сол елге барып, әкесін шығарып алмаса, мұның соңы жақсылыққа апарып соқтырмасын түсінеді. Каскадер қыз аяқ астынан киімдерін жинап, шетелге жолға шығады. Алайда Жанел өзін ол жақта қандай оқиғалар күтіп тұрғанынан бейхабар еді.           

Рөлдерде: Жібек Жаппасбаева, Фархат Көлбаев, Төлепберген Байсақалов, Ерден Телемісов

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.