{metadescription}
Махаббат иірімі

Махаббат иірімі

СЕНБІ - 15:00

Мелодрама (4 бөлім)  

Мейрамханада даяшы болып істейтін Арина өзінің сүп-сүйкімді ұлы Никитаны тәрбиелеп, сырқат шешесіне де қамқор болып жүр. Осыдан он екі жыл бұрын қолындағы нәрестесімен жалғыз қалып қойғалы бері еркектерге сенбей, тек өзінің күш-жігеріне ғана арқа сүйеп келеді. Жүрек түкпірінде «әнші болсам» деген арманын әлі де сақтап жүргенімен, қажет кезде жақындарының жанынан табылуды ойлап, онысынан әлдеқашан бас тартқан тәрізді. Вадим – өз шаруасына мығым музыкалық продюсер. Ол қамқорлығына алған Риммадай әншісімен кездесіп тұрады. Алайда «анасы қайтыс болғалы, Василисам әлі өзіне өзі келе қойған жоқ» деп ойлап,  мұнысын қызына айтпай жүр. Шын мәнісінде, дәл осы Риммадай қызбен бірге тұруға өзі де жүрексінетіндей. Күндердің бір күнінде шебер тағдыр  Никита мен Василисаны бетпе-бет жолықтыра қояды. Сөйтіп, он бір жасар қос періште әке, шешелерін қалай болғанда да үйлендіруді жөн көреді.

Рөлдерде: Дарья Егоркина, Артемий Егоров, Яна Ковалёва

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.