{metadescription}
Мәміле

Мәміле

ЖҰМА - 21:40

Криминал (4 бөлім)

Майор Поборцев банктерге жасалған тұтқиыл шабуылдар жайындағы істі тергеумен айналысады. Ол тергеу барысында алты қарақшының бірін тұтқындайды. Тіпті тергеушіге тұтқындағы қызды құтқару үшін нұсқаулықты бұзуына тура келеді. Қолға түскен қарақшы жігіт Поборцевті кейін өкінуге мәжбүрлейтінін айтады. Алайда тұтқындағы қылмыскерлердің қоқан-лоққысын кім тыңдай қойсын? Майор басшыларынан алғыс, демалысқа баратын сыйақы алып қана қоймай, сонымен қатар өз бетімен әрекет еткені үшін қатаң сөгіс те алады. Оның әйелі Наталья теңізге жолдама таңдап, жолға шамаданын қамдап жатқанда, Поборцевтің өзі ресми түрде демалыста екеніне қарамастан, әріптестеріне қылмыскерлерді ұстауға көмектеседі. Ол қылмыскерлердің полицияны жалған ізбен жібергенін әу бастан-ақ түсініп қояды. Тергеушілер екінші қарақшыны енді қолға түсіргелі отырғанда, біреу оған ескертіп үлгереді. Оны қолға түсіретінін Поборцевтен басқа бес адам білетін. Олардың бәрі күдікке ілінеді, ал подполковник Тепляков бұған майордың өзін кінәлайды. Осы кезде Поборцев қолға түсірген алғашқы қарақшы түрмеде отырса да өз сөзінде тұрады. Енді тергеушінің онымен мәміле жасасуына тура келеді, яғни ол істі аяғына жеткізу үшін қылмыскерлердің ережесімен әрекет етуі керек болады…

Рөлдерде: Алексей Комашко, Светлана Щедрина, Игорь Павлов, Максим Дахненко

Қазір эфирде