{metadescription}
Жанашыр

Жанашыр

ЖҰМА - 21:30

Мелодрама

Фильмде қырық бес жастағы отставкадағы подполковник Евгений Геннадьевич Александров әйелімен ажырасады. Өз-өзін күтіп қалған, мінезі шатақ келіншегі оған бар айыпты үйіп-төгеді. Күйеуінің кесірінен жас өмірі алыс гарнизондарда өткенін, сол себепті бала сүйе алмағандығын, үйде отырып үйреніп қалса да, күйеуінің амалсыздан отставкаға шығуына және зейнетақысының аздығына байланысты жұмыс іздеуге тура келгендігін сот алдында жіпке тізіп шығады. Евгений Геннадьевич әйелінің бұл сөздеріне әрең шыдап отырады. Ажырасуға күйеуінің өзі арыз бергендіктен, жеке көлігі мен Мәскеу түбіндегі пәтерін әйеліне тастап кетеді. Сөйтіп, Евгений Геннадьевич баспанасыз, жанұясыз, жұмыссыз далада қалады. Ол амалсыздан өзінің балалық шағы өткен қалаға оралады. Туған қаласының шет жағындағы ескі үйлердің бірінде анасы қайтыс болғалы бері бос тұрған пәтері бар еді.

Қалаға қайтып келген Александров өз үйін танымай қалады. Үй қираудың сәл алдында-ақ тұр екен. Александров ол жерде бала күнгі құрбысы Лиданы кездестіріп қалады. Ол Александровпен жасты болса да, одан сәл ересектеу көрінеді. Сөйтсе, оның көрмеген бейнеті жоқ екен. Александров Лидадан балалық шағы өткен үйде кейуаналар, қыздарын бағып отырған қартаң аналар, жас жалғызбасты аналар сияқты ылғи әйелдер тұратынын естиді …

Александров бұл үйде тұратын әйелдердің бәріне өзінің қамқорлығы керек екендігін түсінеді. Әйелдердің барлығы оны көрсе, жылағанда жұбаныш, сүйенгенде сүйеніш болатын адамды көргендей болады. Олардың бәріне өздеріне қорған болатын, әділеттік орнатып, ренжіткен адамның сазайын беретін күйеуі, әкесі, ұлы жетіспей жүр еді. Евгений Геннадьевич әйелдердің жағдайын түсініп, қалыптасқан жағдайды шешуге кірісіп, кінәлілерді жазалап, әйелдерге қорған болады.

Сөйтіп ол «жанашыр» атанып, түрлі оқиғалардың басты кейіпкеріне айналады...

Рөлдерде: Александр Дьяченко, Карина Разумовская

Қазір эфирде