{metadescription}
Өкініш

Өкініш

ДҮЙСЕНБІ - ЖҰМА - 16:40

Тұсаукесер!

Сериал

Көрермендердің көз айымына айналған «Өкініш» атты жаңа өзбек телехикаясы өмірдің өзінен алынған қызықты, әрі тартысты оқиғаларға толы. Бұл телехикаяда бір-бірімен астасып жатқан, бірнеше сюжеттік желілер бар. Тахир өзінен жасы үлкен Санам деген әйелге ғашық болып қалады. Тахир әйелдің ізінен қалмай жүріп, ақыры оны көндіреді. Тахир мен Санам Туркияға барып, жігіттің туыстарына білдірмей, некелеседі. Тахирдің үйленбей жүргеніне күйінген анасы оны Санамның қызы Ширинге үйлендірмекші болады. Тахир де Ширинді ұнатып қалады. Күйікке шыдамаған Санам Тахирге пышақ салады. Телехикаядағы тағы бір желі тағдыры ауыр Бабур деген жігітке байланысты өрбиді. Әке-шешесінен ерте айрылған Бабур інісі мен қарындасын өзі асырап, ер жеткізеді. Кейін ол бір бандиттердің кесірінен түрмеге түсіп кетеді. Әрине, бұл телехикаядағы қат-қабат, астасып жатқан бүкіл оқиғаларды суреттеп шығу қиын. Дегенмен, көрерменнің бұл телехикаяны күн сайын асыға күтіп, оқиғаларын шын ықыласымен тамашалап отыратынына күмән жоқ.

Рөлдерде: Саида Раметова, Умид Иргашев, Райхон Ласенова, Момин Ризо    

Қазір эфирде