{metadescription}
Сызат

Сызат

ДҮЙСЕНБІ - БЕЙСЕНБІ - 23:50

Мелодрама

Бұл оқиға бір перзентханада екі бірдей сәбидің бір мезетте дүниеге келуінен басталады. Олардың фамилиясындағы бір ғана әріпте айырмашылық болады. Осы бір әріптегі айырмашылыққа мән бермеген жауапсыз медбике оларды байқамай ауыстырып жібереді. Осының салдарынан екі сәбидің де ата-анасы өзгенің сәбиін бағып жүргенін білмейді. Арада он бес жыл уақыт өтеді. Балалардың бірінің әкесі, ауқатты кәсіпкер Олег кіші қызы ауырып қалған соң, оны клиникаға апаруға мәжбүр болады. Дәрігерлер Варяға тиісті көмек көрсетіп, сараптама жасауға қан алады. Нәтижесінде қызының қан тобы басқа болып шығады. Бұл жаңалыққа қатты таңданған Олег өз тергеуін жүргізе бастайды. Ақыры басқа отбасында өсіп жатқан өзінің туған қызы барын естіп, талып түсе жаздайды. Олег Прокофьевтердің қайда тұратынын біліп алып, олардың үйіне қонаққа барады. Мария Варвараның ауырып қалғанына қамығып, шын жаны ашиды. Күйеуінің бұл сапарын жақтырмаған Аня Александраның жағдайын жасамақ боп шешеді. Оны түрлі бутиктерге ертіп апарып, брендті киімдер, қымбат косметика алып береді, Саша бұған есі шыға қуанады. Алайда үйіне көл-көсір сыйлықпен оралған қызын анасы ренжіп қарсы алады. Жалғызбасты ана сыйлықтарды қайтарып беруін талап етіп, қызына қатты ұрсады. Екі жақты да ренжітпейтіндей ортақ шешім табу үшін бизнесмен Олег Машаны қымбат мейрамханаға шақырады. Дәл сол уақытта ол жерге қордағы бір әріптесін ерткен Анна да келеді. Ерлі-зайыптылардың арасында туындаған дау-жанжалдан соң Кристина мен оның інісі Андрей кәсіпкер Прокопьевтің атына күйе жағып, беделін түсіру үшін барын салады.

Рөлдерде: Наталия Антонова, Александр Дьяченко, Татьяна Черкасова, Дмитрий Пчела

Қазір эфирде