{metadescription}
Жаралы жар

Жаралы жар

ЖЕКСЕНБІ - 22:30

Тұсаукесер!

Криминальная мелодрама

Ксенияның туып өскен үйі жардың тап қасында еді. Жыл өткен сайын сайға жақындай түскен үйге мазасы кеткен Ксения атасы мен әжесін бұл жерлен көшуге үгіттейді. Бірақ ата-әжесі үзілді-кесілді қарсы.  Бір қиналған сәтінде әжесі Лина Андреевна әлі күнге дейін қызы Оляның осында оралатынына үміті барын айтып ағынан жарылады. Көп ұзамай олар жардың түбінде сынған көлікті табады, ал көліктің қасында өлген әйелдің қураған сүйектері шашылып жатады. Ольга Матвеева жиырма жыл бұрын қайтыс болып, осы уақытқа дейін осында жатқан екен ... Ксенияның іші алай-дүлей болып, қатты күйзеліске түседі. Өйткені ол кішкентай кезінен бастап атасымен әжесінің өтірік айтқанын кешіре алмайды. Ксенияға: «Анаң сені тастап, басқа елге кетіп қалды» деген еді. Туған анасы  туралы ойлауға, оны жақсы көруге тыйым салған. «Сонда менің шешемнің ешқайда кетпегені белгілі болды. Жиырма жыл бұрын не болды?». Ксения қайта-қайта балалық шағын еске түсіріп, анасын бұрыннан білетін адамдармен кездеседі...

Рөлдерде: Юлия Кокрятская, Юрий Беляев

Қазір эфирде