{metadescription}
Тағдыр талқысы

Тағдыр талқысы

ЖЕКСЕНБІ - 15:30

Мелодрама (4 бөлім)

Татьянаның әкесі қызын 20 жыл бойы жалғыз өсіреді. Бір күні ол біреулерден әкесінің туған әкесі емес екенін, шын ата-анасының қаза болғанын естиді. Бірақ бұл оқиғаға өгей әкесінің қатысы бар болып шығады. Ол жетім қызды асырап алып, өз кінәсін жуып-шаймақ болған екен. Мұндай жаңалыққа қатты таң қалған Таня Мәскеуде тұратын тәтесіне жол тартады. Павлова ханым бәрін ашып айтып беріп, ұзазқ әңгіменің басын қайырады. Сақталып қалған отбасылық жәдігерлерді, суреттерді көрсетеді. Астанаға келген жиені өткен күндер куәгерінің әңгімесін аузы ашыла тыңдайды. Жиеннің келгенін естіген нағашы ағасы мұрагерлік мәселе жайлы ойлай бастайды. Оның әйелі Рита елден келген туысын тезірек шығарып салуға тырысады. Себебі қартайған тәтелері мұраны қайта жазса, мүлікті иеленуге қақысы бар жиені кез-келген уақытта Маргаританың жоспарын бүзуы мүмкін еді. Татьяна тергеу басқармасында жұмыс істейтін Максиммен танысады. Жұмыс барысында танысқан олар бірте-бірте жақын достарға айналады. Екеуінің жиі кездескені қулық ойлаған туыстарына арам ойларын жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Ақыр соңында мұрағаттан ескі құжаттар табылған кезде, елден келген туысы таң қаларлық оқиғалардың куәгері болады.

Рөлдерде: Евгения Нохрина, Александр Дуда, Марина Зайцева, Виктория Рунцова, Александр Бобров, Ирина Шеянова, Игорь Климов

Қазір эфирде