{metadescription}
Көше қиылысы

Көше қиылысы

СЕНБІ - 22:00

Тұсаукесер!

Мелодрама

Қала көшелеріндегі қиылыстардың бірінде бизнесменнің әйелі Еленаның, көркемсурет колледжінің оқытушысы Ольганың және пицца тасушы Светаның көліктері соқтығысып қалады. Апат айтарлықтай болмағанымен, асыққан әйелдер өздерінің кешігуге болмайтынын түсінеді. Елена ұшаққа кешігіп қалған соң үйіне оралып, күйеуін хатшы қызымен бірге ұстап алады. Ольга іссапарға кететін күйеуін шығарып салуға асығады, алайда кешігетін болған соң бірден вокзалға барады да, күйеуінің жоғалып кеткенін біледі. Светаны жұмыстан шығарып жіберіп, жалақысын көлікті жөндетеміз деген сылтаумен ұстап қалады. Сөйтіп, байғұс қыздың жалдамалы пәтерге төлейтін ақшасы қалмайды. Үш  әйел де өздерінің өмірлерінің астаң-кестеңін шығарған сол бір көше қиылысына лағынет айтып: "Сол бір апат болмағанда!" деп күйініп жүреді. Алайда әр істің өз қайыры болады. Елена Ольга мен Светаға бірнеше айға жалдамалы құрбыларым бола тұрыңдар, ақшасын сағатына төлеймін деп күтпеген жерден ерекше жұмыс ұсынады.

Рөлдерде: Янина Соколовская, Дарья Лузина, Дарья Петрова

Қазір эфирде