{metadescription}
Сағыныш

Сағыныш

ТҰСАУКЕСЕР!

Мелодрама

Өзбекстан, 2018 жыл

Отбасы – баға жетпес құндылық, ал махаббаттың, адалдықтың шегінен аттап,  өзінің от жаққан ұясына опасыздық жасағандар  күндердің күнінде түпсіз тұңғиыққа құлары сөзсіз.

Отбасына жасалған опасыздық махаббат тарихы сияқты ұзақ есте қалады. Оның себебі әр түрлі болғанымен, нәтижесі бір: сүйген адамның жаны ауырып, арадағы қарым-қатынас бұзылады, осының кесірінен шаңырақ шайқалып, адам тағдырына нұқсан келеді.

Сериал сюжеті бойынша Нозима есімді әдемі, жас, бірақ тұрақсыз келіншек өзінің екі баласы, күйеуі барына қарамастан, күйеуіне опасыздық жасайды. Оны енесі біліп қояды. Бірақ енесі отбасының абыройын ойлап, бұл істі жылы жабуға тырысады. Күндердің күнінде бұл жайлы Нозиманың күйеуі біліп қойып, әйелімен ажырасып кетеді. Нозима күйеуімен ажырасқаннан кейін де көңілдесі Хамдаммен кездесіп жүреді. Ол онымен қоймай, бұрынғы отбасынан кек алу мақсатында көңілдесі Хамдамды бұрынғы күйеуінің әпкесіне қара күйе жағуға көндіреді. Нозиманың сөзіне ерген Хамдам Шохиста жайлы өз бастығына ойдан шығарылған түрлі әңгімені жеткізеді. Ал Шохиста өзін зорламақ болған бастығынан қорғанам деп жүріп, оны абайсызда өлтіріп алады. Шохиста милицияның қолына түседі, ал оның күйеуі мәселенің мән-жайына қанықпастан, онымен ажырасып кетеді.

Нозима балаларын бұрынғы енесіне қалдырып, шетелге қашып кетеді. Шетелде жүрген ол түрлі қиын жағдайларды басынан кешіреді. Нозиманың елге оралуына отандастары көмектеседі. Еліне әрең жеткен ол өз балаларын көргісі келеді. Алайда балаларына бара жатқан жолда оны көлік қағып кетеді. Көліктің рулінде отырған бұрынғы көңілдесі Хамдам еді. 

Өзбек кинематографистерінің «Сағыныш» сериалында қазіргі заманға тән бірталай оқиғалар көрсетіледі. Сериал ерлі-зайыптылардың арасындағы опасыздықты, осының салдарынан бас кейіпкерлердің қандай қиындықтарға кез болатынын әңгімелейді.

Рөлдерде: Лола Примкулова, Феруза Норматова, Тохтамурод Азизов

Қазір эфирде