{metadescription}
Саодат

Саодат

ДҮЙСЕНБІ – ЖҰМА - 16:30

Тұсаукесер!

Адам тағдыры аяқ астынан тез өзгереді ғой. Кеше ғана әке-шешесімен, ағасының еркесі болып, бақытты ғұмыр кешіп жатқан Саодат мұндай қиын жағдайға душар боламын деп ойлаған да жоқ еді. Жақсы көретін ағасы көлік апатына ұшырап, қайтыс болады. Саодаттың әкесі баласының қайғысына шыдай алмай, инсульт дертіне шалдығып, ауруханаға жатады. Осындай ауыр сәтте қыздың шешесі де бұл дүниеден өтеді. Әлі өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысылмаған Саодат 22 жасында тағдырдың қатал тезіне түседі. Жас қыздың алдынан түрлі адамдар кездеседі. Біреулері оған жақсылық жасап, көмек көрсетсе, тағы біреулері аяқтан шалып, орға жыққысы келеді. Аса тартысты әрі, қызықты «Саодат» атты өзбек телехикаясының оқиғасы осылай өрбиді.

Рөлдерде: Зарина Низомиддинова, Улугбек Кодиров, Асал Шодиева, Адиз Раджабов, Тути Юсупова

Қазір эфирде