{metadescription}
Құрсақ ана

Құрсақ ана

СЕНБІ - 13:20

Мелодрама

Жаңа үйленген ерлі-зайыпты Даша мен Паша бір-бірін шын сүйіп, бақытты өмір сүріп жүреді. Даша мектепте мұғалім болып жұмыс істейді, өзі балаларды өте жақсы көреді, тезірек ана болуды армандайды. Ақыры Дашаның аяғы ауырлаған кезде, Паша екеуінің бақыттан бастары айналады. Сөйтіп екеуі ата-ана болуға дайындала бастайды. Алайда жүктіліктің жетінші айына келгенде Дашаны күтпеген жерден толғақ қысады. Нәтижесінде шарана өліп қалады, ал қайғыдан қан жұтқан Даша қатты күйзеліске ұшырайды. Бастапқыда Паша әйеліне қолдау көрсетіп, болған оқиға жайлы ұмытуын өтініп жүреді. Уақыт өте келе екеуінің қарым-қатынасы нашарлап кетеді, Паша үйіне келуді сиретеді, тіпті екеуі ажырасуға дейін барады. Даша басқа бір оқиға орын алған кезде ғана күйзелісінен арылады. Паша жол-көлік апатына ұшырап, бір ажалдан аман қалады, алайда бел омыртқасынан қатты жарақат алған ол мүгедек арбасына таңылады. Даша мұнымен келіскісі келмейді. Ол шетелде бел омыртқаға ота жасап, адамдарды орнынан тік тұрғызатынын анықтап біледі, алайда оған қажетті қаражат бұл отбасында табылмайды. Мұғалімнің жалақысын қаншама жыл жинаса да бұл соманы таба алмайтынын білетін ол ақша табудың басқа жолдарын қарастыра бастайды. Даша таныстарын аралап, көмек сұрайды. Ескі таныстарының бірі Дашаға өте тиімді ұсыныс жасайды. Яғни Даша оған құрсақ ана ретінде бала туып беретін болса, Пашаның шетелдегі емінің ақшасын түгел төлеп беретінін айтады. Даша күйеуінен жасырып, әлгі әйелге құрсақ ана болуға келіседі. Алайда ол уақыт өте келе күйеуі мен жалғыз баласының бірін таңдауы керек болатындығынан бейхабар еді...

Рөлдерде: Анастасия Задорожная, Михаил Шамигулов, Александра Булычёва

Қазір эфирде