{metadescription}
Селгелдең селфи

Селгелдең селфи

ДҮЙСЕНБІ - 11:50

Тұсаукесер!

Мелодрама

Күрделі математикалық есептерді бір-ақ мезетте шешумен қатар, профессор Илья Субботин бос уақытында небір қылмысты егжей-тегжейлі зерттегенді жаны сүйеді. Бірде Құсбегі деп аталатын ауылдағы шығармашылық үйінің директоры Олег Павлович одан көмек сұрайды. Сыйлық дүкенінде тұншықтырылып өлтірілген жасы келген, қадірлі әйел Лилия Маслованың жұмбақ та, оқыс өлімін тергеуді сұрайды. Ресми болжамдарға сәйкес, әйел жергілікті маскүнемнің қолынан мерт болған және із суытпай ұсталған. Бірақ Олег Павлович бұл болжамға сенбейді, ол нағыз қылмыскер бостандықта жүр және ауыл тұрғындарына қауіп төнуі мүмкін деп санайды.

Сөйтіп Субботин тергеуді өзі қолына алуға келіседі. Көп ұзамай, күдіктілер тізіміне небір адамдар енеді. Яғни, күдіктілердің қатарына селфиге құмар ғашықтар Лилечка мен Ванечка, мінезі біртүрлі ақын Ангел, қарт сабаз Николай Иванович, экскурсия жүргізуші Зоя және әйгілі кинорежиссер Артоболевский кіреді. Илья адам өлтірген солардың бірі екенін айқын түсінеді, бірақ дәл кім екенін әзірге білмейді. Ол өзінің барлық білімі мен теориялық әдістерін қолдана отырып, нағыз қылмыскердің бет пердесін ашады.

Рөлдерде: Антон Хабаров, Анастасия Лошакова

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.