{metadescription}
Бастық

Бастық

ДҮЙСЕНБІ - БЕЙСЕНБІ - 00:20

Қылмыс драмасы

Фильмнің басты кейіпкері – тәжірибесі мол шыншыл полиция полковнигі Виктор Расторгуев. Мәскеуде жұмыс істейтін оның абыройы да, құрметі де бар. Ол өзінің ұстанымына сәйкес қатал жұмыс істеп, қатаң талап қоя біледі. Ол қол ұшын берген адамдары көп болғанымен, қас дұшпандары да аз емес. Өйткені Виктор заң бұзғандардың көбісін түрмеге тоғыта алмаған. Бірде үлкен қылмыс орын алып, оған астаналық алмауыт кәсіпкердің қатысы бары анықталады. Расторгуев оны түрмеге жабуға барын салғанымен, басшылық тарапынан түйткіл шығып, полковникті қызметтен босатады. Осы келеңсіз оқиғадан кейін ол ұзақ уақыт жұмыс таба алмай қиналады. Бірақ бағы жанып, Санкт-Петерборда тұратын досынан шақыру алады. Сөйтіп, ол солтүстік астанадағы аудандардың бірінің полиция бөлімінде жұмысқа кіріседі. Алайда қыр соңынан қалмаған қырсық бұл жерде де аяғынан шалады.

Рөлдерде: Андрей Чубченко, Ян Цапник, Татьяна Черкасова

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.