{metadescription}
Шелест

Шелест

ДҮЙСЕНБІ-БЕЙСЕНБІ - 21:40

Тұсаукесер!

Шытырман оқиғалы детектив

Тегі лақап атқа ұқсайтын Павел Шелест – ярославтық қылмыстық іздестіру бөлімінің подполковнигі. Ол өзі басқаратын бөлімдегі қызметкерлерді өзінің ыңғайына қарай іріктеп алған. Оның бөлімі тапсырыспен кісі өлтіру, банктерді тонау, инкассаторларға шабуыл жасау, адам ұрлау сияқты атышулы қылмыстарды ашумен айналысады. Шелест кейде қылмыскерлерді алдап түсіруді ұйымдастырып, қарақшылардың туыстарын кепілге алып, тіпті қылмыскердің аяғынан атып, заңсыз әрекеттер жасайды. Ол қылмыстың ашылуы жайлы статистикаға пысқырып та қарамайды, оның бар ойы – адамдарды құтқарып, заңды жазадан құтылып кетуі мүмкін қылмыскерлерді жазалау. Шелест қылмыскерлермен солардың тілінде сөйлесу керек деген қағиданы ұстанады. Дегенмен қылмыскерлердің де өз қағидалары бар. Сондықтан Шелесттің атқарар жұмысы басындағы шашынан көп.

Рөлдерде: Владимир Зайцев, Сергей Чирков, Елена Корикова, Олег Тактаров

Қазір эфирде