{metadescription}
Сиситай

Сиситай

ЖЕКСЕНБІ - 23:30

ТҰСАУКЕСЕР!

Комедия

Қазақстан, 2018 жыл

Кейіпкер бойжеткен көп уақыттан бері музыкамен шұғылданады. Ол танымал әсерлі әуендерді тыңдап қана қоймай, оны нақышына келтіре орындай алатын. Оның ата-анасы ақшаны маңдай термен ғана табу керек деп ойлағаннан кейін қыздарының бұл әуестігіне мамандық деп қарамайды. Әкесі бұл жайында естігісі де келмейді. Ол қызым жақсы өмір сүрсе дегенімен, өмірге байыппен қарайтын адам. Айтқанынан қайтпайтын әкемен келісу мүмкін емес. Оның айтқаны мен қызының  ойлағаны бір-біріне мүлде сәйкес келмейді. Бұған қызы қатты ренжиді. Ол өзінің бойында жүзеге аспай қалған зор әлеуеті барын сезеді. Әкесі қызының бұл сөзімен келіспей, оған музыкамен шұғылдануға қатаң тиым салады.

Бірде кейіпкер бойжеткен ойда жоқта нағыз продюсермен танысып қалады, бұл жағдай оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Білікті маманға оның бойында нағыз таланты бар-жоғын анықтау үшін бір-ақ рет ән орындағанын тыңдаса болғаны. Шоу-бизнес өкілінің өзінің жағдайы да мәз емес еді. Оны ел-жұрт біртіндеп ұмыта бастайды. Әнші қызды жаңа жоба ретінде қолына алса, танымалдылыққа қол жеткізіп, бұрынғы атақ-даңқын қайтарып алуына, сондай-ақ көп ақша табуына болар еді. Бойжеткен мен продюсер келісіп, өзара ынтымақтастыққа қол қояды. Еңбек сүйгіш екеудің белсенді бұл жұмысы өз жемісін беруі керек.     

Рөлдерде: Баян Алагөзова, Әйгерім Мергенбай, Кәмшат Жолдыбаева, Әсет Арыстанбек, Элиза Берікова

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.