{metadescription}
Әділ шешім

Әділ шешім

ЖҰМА - 21:40

Мелодрама (4 бөлім)

Надя шалғайдағы қаладағы бір супермаркетте кассир болып жұмыс істейді. Ұлы Санька екеуі қоңырқай тіршілік кешіп жүреді. Бір күні оның жүрегі ауыратындығы белгілі болып, аяқ астынан жүрегін алмастырып салу керек болады. Ұлы мен мысығын ертіп алған Надя өзін күтіп отырған қайырымдылық қорына бару үшін астанаға аттанады. Сол жақта қор қызметкері Ольгамен және оның құрбысы Аленамен танысады. Надя ауруханада жатқан кезде Алена Саньканы үйіне алып кетіп, өз қамқорлығына алады. Алайда артынша бұл қордың Надяға көмектесе алмайтыны белгілі болады. Сол кезде Надя Саньканы Аленаның қарауына қалдырып, туған қаласына қайтады да, өлуге іштей дайындалып жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң Надяға қажетті донорлық жүрек табылады. Надя астанаға қайтып келеді. Аленаның үйінде тұрып жатқан Санька анасын қатты сағынады. Отадан соң құлан-таза айыққан Надя ұлын өзіне қайтарып алмақ болады, алайда Алена оны оңайшылықпен бергісі келмейді.

Рөлдерде: Александра Сизоненко, Алексей Чугаев, Наталья Высочанская, Ольга Олексий

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.