{metadescription}
Көршілер

Көршілер

ЖҰМА - 21:40

Мелодрама

Ерлі-зайыпты Кораблевтер ажырасудың сәл-ақ алдында жүреді. Бұрын ұшқыш болып жұмыс істеген Олегтің заңды жұбайы Ольга жаңадан пайда болған бақталасынан қорқады. Жалғызбасты жесір келіншек бас кейіпкердің көңілдесі атанып, оны әйелінен тартып алғысы кеп жүреді. Отбасының береке-бірлігін ойлаған Ольга күйеуін көңілдесінен алыстату мақсатында астананы тастап, алысқа алып кетпек болады. Ерлі-зайыптылар Колотилово деревнясына келіп, сол жерге табан тіреп, тып- тыныш өмір сүруге кіріседі. Алайда тракторист Николайдың отбасымен көрші болған басты кейіпкерлердің өмірі тозаққа айналып шыға келеді. Кораблевтер деревнядағы көрші ерлі-зайыптылармен жиі ұрсыса бастайды. Болмашы нәрседен туындаған дау-жанжал деревня тұрғындарының мазасын алатындай бітпес егеске айналады. Бір-бірімен ұрсысудан шаршамайтын ерлі-зайыптылар өздеріне туған жеріндей боп кеткен Колотилово деревнясына шын қауіптің төнгенін сезбей де қалады.

Рөлдерде: Елена Валюшкина, Евгений Сидихин

Қазір эфирде