{metadescription}
Құтқарылған махаббат

Құтқарылған махаббат

СЕНБІ - 14:00

Мелодрама

Татьяна тергеуші болып жұмыс істейді. Жұмыс кестесі оған жеке өмірін қалыптастыруға кедергі келтіреді. Себебі ер адамдарға Татьянаны күн-түн демей, мереке-демалыс демей жұмысқа шақыра беретіні ұнамайды. Татьяна жұмыста білікті, аса қажет маман болғанымен, үйінде мұңайған жалғызбасты әйел. Ол жұмыстан тыс кезде бар уақытын әпкесінің өзі жақсы көретін балаларына арнайды. Бірде Татьяна күтпеген жерден Андреймен танысады, жігіт оның жұмысына да, басқасына да қарамайды. Екеуі бір-біріне ғашық болады. Сезімге ерік берген қос ғашық алда өздерін ұзақ та бақытты өмір күтіп тұр деп ойлайды. Алайда Андрей көп жыл бұрын қайтыс болған әйеліне қатысты әлдебір құпияны жасырып жүреді. Енді Татьянаға Андрейдің шын мәнінде кім екенін, оның қандай құпия жасырып жүргенін анықтауына тура келеді...

Рөлдерде: Юлия Пожидаева, Борис Миронов, Константин Спиркин

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.