{metadescription}
Ақ желек

Ақ желек

ЖЕКСЕНБІ - 22:30

Мелодрама

Әрбір қыз бойжете келе, бір күндері үйленіп, қалыңдыққа лайық ақ желегін киген кезде, хас сұлудың өзіне айналып шыға келеді. Өзі ұнатқан Костигіне жағу үшін, Женька бал жинаған арадай, тынымсыз жұмыс істеп жүрген болатын. Тапқан ақшасына ең әдемі той койлегін алса жарар еді-ау. Тек, некелесулеріне тура бір апта қалғанда, төсекте айқасып жатқан Костясы мен ең жақын құрбысы Маринаның үстінен түскенде, той көйлегі жайына қалады. Ашуланған Женька өзінің екіқабат екенін Костикке айтпастан, біржола кетіп қалады.

Әскерден зейнетке шыққан қарт Иванмен кездейсоқ танысқан қыздың өмірі басқа арнаға бет бұрады. Ешкімі жоқ шал Женя мен оның кішкентай Лизасын бауырына тартып, барын бөліседі. Оған бүкіл әлемде дәл мұндай мейірімді адал жан жоқтай көрінеді. Алайда қарт Иван қайтыс болысымен, Женя оның тоғыз жыл бойы қатынаспай кеткен Вадим дейтін ұлы барын естиді. Алғашында дөрекілеу әрі мейірімсіз болып көрінген Вадиммен тіл табысуы Женяның өзін де, өзгелерді де тереңірек түсінуіне ықпал етеді. Сөйтіп, ол ақырында өз бақытына қол жеткізеді.

Рөлдерде: Антон Макарский, Маргарита Адаева

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.