{metadescription}
Тек, менен түңілмеші

Тек, менен түңілмеші

СЕНБІ - 13:45

Мелодрама (4 бөлім)

Наташа Коноплева ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Анасымен бірге тұратын ол тек бір айлығымен ғана күнін көріп жүр. Шалқып өмір сүрмесе де, екеуінің еңсесі биік. Наташаның шешесі тек осылай ойлайды. Қызын бір өзі тәрбиелеп, жеткізген ол мұның бойына адалдық, әділетсіздікке жоламау, өз жұмысыңа аса жауапкершілікпен қарау секілді игі қасиеттерді дарыта білді. «Арақ алып ішу үшін небір арсыз істерге баратын қасиетсіз әкесіне тартып кетпесін» деген оймен анасы қызын қызғыштай қорғайтын. Күйеуімен қатты ұрсып қалған соң, жүйкесі сыр берген Наташаның анасы мүлдем жүре алмай, жатып қалды. Ең білгір медбике саналар Наташаның бөлім меңгерушісі «анаңызды осы біздің ауруханаға жатқызайық» деді. Наташа тағы да әкесіне барып көмек сұрамақшы болды. Алайда ол аңғал қызын тағы да алдап соғып, әмиәнындағы ақшасының бәрін ұрлап алды.

Осы қалада Лера Кузина деген қыз тұрады. Ешкім бетінен қағып көрмеген еркетотай бай қыздарына әке-шешесі ақшаны аямай беріп тұратын. Лераның жиі баратын жері – түнгі клуб. Ол мұнда арақ ішіп те, есірткі шегіп те көрді. Бір күні Лера ес-түссіз мас қалпында пәтерінің балконынан секіргелі тұрған сәтінде сол тұстан өтіп бара жатқан Наташа байқай қояды да, аман алып қалады. Сөйтіп, кездейсоқ жағдай екі қыздың басын біріктіріп, күйбең тірліктегі күрделі шаруаларын бітірулеріне септігін тигізеді.

Рөлдерде: Александра Сизоненко, Анна Адамович

Қазір эфирде