{metadescription}
Жұма күнгі қылмыс

Жұма күнгі қылмыс

ЖҰМА - 21:40

Криминалдық драма (4 бөлім)

Нина Шелеховтардың отбасылық усадьбасына бағбан болып жұмысқа орналасады. Оның алғашқы жұмыс күні-ақ отбасының отағасы Владимир Шелехов жүрек талмасынан қайтыс болады. Оның жаназасында үлкен ұлы Марк: «Бәрін түсіндім…» деп түсініксіз сөзді айта салып, өліп кетеді. Осы сәттен бастап ол үйде түсініксіз жағдай орын ала бастайды. Әр жұма сайын үлкен әулеттің адамдары біртіндеп өле береді. Полиция күдіктілерді іздеп әуре болады, алайда олар әрбір адам өлген сайын тығырыққа тіреледі. Нинаға отбасының тағы бір мүшесі өлмей тұрып, кісі өлтірушінің кім екенін анықтау керек болады. Келесі кезек Шелеховтардың кіші ұлы Андрейге келеді. Бұл жігіт Нина үшін тым қымбат жан еді, сондықтан ол жайбарақат қарап тұра алмайды.

Рөлдерде: Антонина Дивина, Андрей Ильин, Тамара Акулова, Светлана Немоляева

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.