{metadescription}
Улы тамшылар

Улы тамшылар

СЕЙСЕНБІ - ЖҰМА 15:35

Тұсаукесер!

Сериал

«Улы тамшылар» атты өзбек телехикаясында құрамында есірткі заттары бар дәрілерді сатушылар жөнінде баяндалады. Мұндай дәрілерді ішкен адамдар оған тез үйренеді және сондай дәріні ішпесе тұра алмайтын, нашақорға айналады. Ақыр аяғында жеке өзінің де, бүкіл отбасының да өмірі ойран болады. Есірткі заттары бар дәрілерді сатуды тәртіпке келтіру мәсәлесі қазір әлемдік проблемаға айналып отыр. Есірткі сатушылар әсіресе жастарды тез қармағына түсіреді, себебі жастардың өмірлік тәжірбиесі аз, еліктегіш болып келеді. Телехикаяда есірткісі бар дәрілерді сатып жүрген жауыздар да, олардың қармағына түсіп, опат болған адамдар да көрсетіледі. Нашақорлыққа шалдыққан адамдардың өмірі әрине аянышты, дегенмен улы дәрілерді сатушылар да бай болып, бақытты болып кетпейді. Керісінше өздері улаған адамдардың көз жастары жібермей, түрлі жамандыққа ұшырап жатады. Бұл телехикаяның тәрбиелік мәні өте үлкен және көрермен қызығып көретіндей тартымды түсірілген.

Рөлдерде: Наргиза Абдуллаева, Якуб Ахмедов, Рихситилла Абдуллаев, Нигора Каримбаева

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.