{metadescription}
Бейтаныс жұлдыз

Бейтаныс жұлдыз

СЕНБІ - 16:30

Драма

Атақты жұлдыз болып елдің көзіне түскен әншілердің өмірі сырттай қарағанда өте тамаша болып көрінеді. Бірақ, шын мәнінде олардың өмірі ауыр екенін, көп қиындықтарды бастан кешіретінін жұрт біле бермейді. Бұл фильмнің бас кейіпкері Самандар да атағы дүркіреген әнші. Дегенмен ол өзінің жұлдызды өмірінен қатты жалығып кетеді. Туған жерін, алғашқы махаббатын көргісі келіп, бет-жүзін гриммен өзгертіп, Донияр деген досымен бірге қыстаққа қашып кетеді. Осы сапарында ол өзі туралы әрқилы өсек сөздерді де, шындықты да есітеді. Көптеген қарапайым адамдармен кездесіп, өмірді басқа қырынан көреді. Жақсылық пен жамандықтың мәнін тереңнен ұғып, достықтың, туған жерінің қадірін түсінеді. Ақыры сүйген қызымен бас қосып, бақытты болады.

Рөлдерде: Самандар Хамракулов, Санжар Шодиев, Озода Турдиева, Джумадилла Раметов

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.