{metadescription}
Танимысың сен мені

Танимысың сен мені

ДҮЙСЕНБІ - БЕЙСЕНБІ - 23:50

Мелодрама

Алиса мен Илья Авдеев бір-бірін сүйетіндіктен, үйленуді жоспарлап жүреді. Олардың бұл жоспарына Алисаның әкесі кедергі болады, ол қызын қылмыстық қитұрқы әрекетке араласуға мәжбүрлейді. Алиса оған араласқысы келмегенімен, сіңлісін емдетуге қомақты ақша қажет болғанықтан, әкесінің айтқанын орындайды.

Ильяның достары қылмыс жасаған соң, ол түрмеге түседі. Оған Алисаның әкесі жала жабады, сот оны ойынхана қызметкерін өлтіріп, ойынхананы тонады деп айыптайды.

Илья 15 жылға сотталып, түрмеде өледі. Бұл – ресми нұсқа. Бірақ Ильяның өзі тірі, арада бірнеше жыл өткен соң ол үйіне қайтып оралады. Оның кек алсам деген арманы болады. Сондықтан пластикалық хирургтың көмегімен сыртқы келбетін өзгертіп, басқа адамның аты-жөнін алып, Никита Громов боп оралады. Ол түрмеде жүргенде қылмыс әлемінің серкесі саналатын бір кісімен танысқан болатын. Соның көмегімен Алисаның әкесінен кек алмақ болады.

Рөлдерде: Евгения Лоза, Ярослав Жалнин, Иван Стебунов, Борис Щербаков, Ирина Розанова

Қазір эфирде