{metadescription}
Жандауа

Жандауа

ДҮЙСЕНБІ - 11:00

Шытырман оқиғалы детектив

Жыл сайын өткізілетін «Орыс асылы» атты сұлу қыздар бәйгесінде, неге екені белгісіз, адамшошырлық жұмбақ жағдайлар жиі болып жүр. Жарыстың ең алғашқы жеңімпазы апаттан қаза тапты, екіншісінің көзіне біреу қайнап тұрған шайырды шашып жіберді. Ал, енді үшінші рет өтіп жатқан бәйгеде Томскіден келіп, жартылай финалға шыққан Наташа Титрова белгісіз бір себептермен жоқ болып кетті. Көпшілік оқитын мәскеулік газет «Жоғалған қыздан келген хат» деп сендіріп, мақала жариялады. Мұнда ол қатерлі ісікке шалдығып, жағдайының қиындағанын, ауыр сырқатын естіген соң, сүйген жігіті Антонның өзін тастап кеткенін айтыпты. Бірақ та Наташа қаладағы ауруханалардың ешбірінен табылмады. Есесіне, Титрованың байырғы досымен құшақтасып түскен суретін біреулер осы редакцияға жіберген көрінеді. Суреттегі жігіттің аса ірі компания менеджері болып, табысты қызмет етіп жүрген Олегке қатты ұқсайтыны жұртты таңғалдырды. Қалаға жақсы атағы жайылған оны көп адамдар бірден танып қояды. Осы күннен бастап-ақ холдинг қызметкерінің өмірі нағыз тозаққа айналады. Бәрі оны «емқонбас ауру қызды қиналған шағында тастап кеткен қатыгезсің» деп айыптайды. Олег өзін қорғап, ауыз ашқан сайын, олардың ашу-ызасы одан әрі күшейе түседі. «Күйеужігіттің» расын айтып тұрғанына ешкім сене қоймайды. Наташаның қайғылы жағдайын естіп, бұрынғы танысы Вячеслав Томскіден іздеп келеді. Олегті ұзақ аңдыған ол ақырында оның әсемдік аруының жоғалғанына еш қатысы жоғын анық түсінеді. Бар ақиқатты анықтап, Наташаны табу үшін, жігіттер енді бірігіп, өз беттерінше тергеуге кіріседі...

Рөлдерде: Александр Бухаров, Дмитрий Мухамадеев, Людмила Чурсина, Юлия Снигирь

Қазір эфирде