{metadescription}
Сынақ

Сынақ

БЕЙСЕНБІ - ЖҰМА - 14:40

Мелодрама (4 бөлім)

Артем Дружинин – болашағынан зор үміт күттірер жас бизнесмен. Ой өрісін одан әрі дамытып, бар өмірін арнамақшы болған осы еңбегінің қадіріне расымен де жете алатын көпшілікпен жұмыс істеу үшін, Артем мықты бір компанияға жұмысқа орналасады. Аз ғана уақыттың ішінде Дружинин жаңа бастығы мен бүкіл ұжымды ғана емес, кеңсеге анда-санда келіп, төбе көрсетіп жүретіндерді де өзіне тәнті етеді. Осылайша, жігітіміздің назарына бастықтың қызы іліне кетеді. Тәуекелге бел буған Артем онымен жалындатқан махаббат хикаясын бастауға кіріседі. Тез тіл табысқан екі жас үйленуге шешім қабылдаған кезде, Дружинин бұл ойларын болашақ қайынатасына айтып, қолдауына ие болады. 

Күйеубаласымен арадағы сыйластықты нығайту үшін, бизнесмен талайдан бері басқарып жүрген шаруасын Дружининге өткізуді жөн көреді. Артем дәл осылай болып шыққанына еш қарсы еместей. Себебі, нағыз маман екендігіне бәрінің көзін жеткізу үшін, аянып қалмастан, көп тер төккен еді. Әйтсе де, өзіне осыншама сенім артудың мүлде жалған екенін естіп біледі. Компанияға ие болысымен-ақ, темір торға тоғытылуы тиіс екен. Алаяқтық әрекетті сезіп қойған Дружинин әлі бата беріп те үлгермеген қайынатасының астыртын әрекеттерін түгел айтып әрі абыройын сақтап қалу үшін, прокуратураға аттанады. Алайда Дружининді туылғалы бері естіп көрмеген бір тосынсый күтіп тұрған болатын. Мұндай келеңсіз жағдайдан аман құтылу оған оңай бола қоймасы анық еді...

Рөлдерде: Артем Позняк, Виталий Салий, Алла Юганова

Қазір эфирде