{metadescription}
Махаббаттың биік шыңы

Махаббаттың биік шыңы

ЖЕКСЕНБІ - 15:30

Мелодрама (4 бөлім)

Көрерменді өзіне баурап әкетер бұл мелодрамалық оқиғада Украина Ұлттық циркінің әртістерінің өмірі баяндалады. Елдің бәрі циркті онда өнер көрсететін дарынды жандардың таланты, ерекшелігі үшін жақсы көреді. Алайда әртістердің өздері қалай өмір сүреді? Неге мұңайып, неге көңілденеді? Өздерінің сүйген жарларын қалай табады? Цирк қызметкерлері – көрерменге ең керемет трюк көрсету үшін өз өмірін жиі қатерге тігетін ерекше адамдар. Бірақ олардың да көңілсіз жүретін кездері болады. Оларды да ата-анасы, ата-әжесі уайымдайды. Олар да біреуге ғашық болу, қызғану сияқты пендешілік қасиеттерді басынан кешіреді. Алайда олар өз өнерін тамашалауға келген көрерменге тек мереке сыйлай білуі керек. Ал егер сәбиің ауырып қалып немесе сүйгеніңмен қош айтыссаң, талапшыл көрерменнің көңілінен қалай шығуға болады?

Рөлдерде: Станислав Тикунов, Виктория Клинкова, Александр Соколов, Лариса Руснак

Қазір эфирде