{metadescription}
Маңдайға жазылған махаббат

Маңдайға жазылған махаббат

ДҮЙСЕНБІ - БЕЙСЕНБІ23:20

Мелодрама (16 бөлім)

Алғаш көрген кезде бұл қыз тасы өрге домалап, мына өмірдің бар рахатына ие болып, көңілі тоғайған армансыз жандай болуы мүмкін. Табысы тасқындаған бизнеске иелік етіп жүрген Дана Романова әлдебір қиындыққа тап келсе, әрқашанда қол ұшын беруге дайын тұрар мықты достары барын айтып мақтана алады. Дегенмен де, әлі де бір нәрсесі жетіспей тұрғандай. Мәселе махаббатқа келіп тірелері айтпаса да түсінікті. Күндердің бір күнінде Романованың тұнжыраған өміріне түр-келбеті келіскен кәсіпкер жігіт тап бола кетті. Тек, ол бұл күндері қатты қиналып жүр екен. Байқасақ, қарызға белшеден батқан жігіттің басы әбден қатып, қайтара алмай, амалы таусылыпты. Тіршіліктің ауыр сынына төзе алмаған Павелдің әйелі өзіне өзі қол салмақшы болады. Алайда жарық дүниені тәрк етпек болған әрекеті жүзеге аспай қалады. Егер тура сол сәтте Дана үстінен түсіп, аман алып қалмағанда, соңы немен тынары белгісіз еді. Мұнымен қоса, ол «Павелдің қарыздарын түгел жабайық» дегенді айтты. Әрине, онысы үшін жай ғана «рахмет» аздау болары анық. Сөйтсек, ол Павелді өзімен бірге Одессаға ала кетіп, үш күн бойы қасында жүргенін қалайды екен. Әйтсе де, бұл саяхаттың немен аяқталарын бәрі де іштей сезетіндей...

Рөлдерде: Дарья Егоркина, Женя Лебедин, Тамара Морозова

Қазір эфирде