{metadescription}
Жан құрбым

Жан құрбым

ДҮЙСЕНБІ - ЖҰМА - 17:00

Тұсаукесер!

Телехикая

Өзбектің «Жан құрбым» телехикасының басты кейіпкері Умиданың басына сұмдық қайғы-қасірет түседі – үйі өртеніп, әке-шешесі, бауырлары опат болады. Ол аз болғандай Умиданың сүйген жігіті Шухрат оны тастап, Азиза деген қызға үйленбекші болады. Өмірінің ең ауыр сәттерінде Умидаға қайырымды жандар көмекке келеді. Төрт жыл Умидамен бірге тұрған құрбысы Дунио оған бірге туған әпкесінен де артық қамқорлық жасайды. Тұрып жатқан пәтерлерінің иесі Дилбор апай да Умиданы жұбатып, ақыл-кеңесін айтып, қолдап-қуаттайды. Дүнионың әкесі Умидаға: «Бұдан былай сен менің қызымсың. Енді менің үш қызым бар» дейді. Осындай қым-қуыт, тартысты оқиғалармен басталған «Жан құрбым» телехикаясының сюжеті өте қызғылықты құрылған. Көрерменнің ынтасын оятатындай түрлі оқиғаларымен, кейіпкерлерінің алуан түрлі мінез-құлығымен, қилы тағдырларымен тәнті етеді.

Рөлдерде: Мадина Нигматуллаева, Сугдиёна Азимова, Азиза Якубова, Гавхар Зокирова, Джовахир Зокиров, Мукаддас Холикова

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.