Алтын қан. Жұмбақ Орлов
ЖҰМА - 21:40
Детективті мелодрама
Мәдениеттанушы Светлана Петров жол сарайына күйеуі, профессор Дрёмовпен бірге жабық шақырылымға келеді.Сол жерде ол сүйген жары көзіне шөп салып жүргенін біледі. Ол аздай, "Наполеонның" мүрдесіне тап болады. Әрине, император ол Бонапарт костюмін киген аниматор еді. Сол актерді өлтіріп кетіпті. Сорақысы сол, Светлана қылмысқа басты күдікті болып табылады.
Сөйтіп басына бір мезетте қара бұлт үйірмелеген Светлана күйеуімен ажырасып, балаға таласып, қызметінен айырылып, жаңа баспана іздеп жүріп, сонымен қатар тергеушіге өзінің кінәсіз екенін дәлелдеумен болады. Болған оқиғаның шиеленісіне жұмбақ Орлов түрткі болады. Өзінің ақылы, жан-жақты білімі мен байқағыш қасиетінің арқасында Светлана ақыры өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шығады. Ал тергеуші Вадим Светлананың парасаттылығына тәнті болып, бұдан артық серіктес таппайтынын нақты түсінеді.
Рөлдерде: Антонина Дивина, Евгений Шириков, Илья Бледный