{metadescription}

Сайлау 2019

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Коммерческий телевизионный канал» АҚ-ның 2019 жылғы 09 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «КТК» телевизиялық арнасынан эфир уақытын берудің жалпы шарттары жайлы

 

«КТК» телеарнасының меншік иесі – «Коммерческий телевизионный канал» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Телеарна) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 18 Жарлығымен тағайындалған 2019 жылғы 9 маусымда өтетін кезектен тыс сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды (бұдан әрі - Кандидат) сайлау алды үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі - үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарнаның эфир уақытын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілiктi уақыт бойынша ноль сағатта аяқталады, осылайша эфирде үгіт материалдарын орналастыру 2019 жылғы 11 мамыр күні сағат 18.00-ден кейін 2019 жылғы 8 маусымда сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Телеарнадағы эфир уақыты қолда бар техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, яғни телеарнаның эфир уақытының болжамды уақыт аралығында жарнаманың болуы және/немесе болмауына қарай беріледі.

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру үшін эфир уақытын беру ұзақтығы 60 (алпыс) секундтан аспайтын бейнероликтер түрінде жүзеге асырылады.

Бейнероликтерді орналастыру құны 12% ҚҚС қоса есептегенде бір минуты 270 000 (екі жүз жетпіс мың) теңгені құрайды. Орналастыру құнына хабар таратудың барлық қолжетімді орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар және Интернет желісінде онлайн хабар тарату арқылы) Телеарналарды трансляциялау мен ретрансляциялау кіреді.

Жасалған шарт бойынша төлем Телеарна ұсынған шот негізінде мұндай шот ұсынылған сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде Телеарнаның банктік деректемелеріне аударылады.

Эфир уақытын беру тәртібі:

Телеарна эфир уақытын Телеарнаның меншік иесі мен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің арасында жасалған жазбаша келісімнің және Телеарна бекіткен монтаждау парақтарының негізінде ұсынады. Бұл ретте монтаждау парақтары үгіт материалдары эфирге шығатын болжамды күнге дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын әзірленеді (материалдарды беру күні есептелмейді). Үгіт материалдары қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

Эфир уақытын беру туралы келісім жасауға Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің Телеарнаның меншік иесі басшысының атына жазған жазбаша өтініші негіз болып табылады. Телеарнаның меншік иесі жазбаша өтініштерді: Алматы қаласы, Республика алаңы, 13, 3-қабат, 315-кабинетте (қабылдау бөлмесі) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2019 жылғы 06 мамырдан бастап 2019 жылғы 03 маусымға дейін 10 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін қабылдайды. Факсимильді және Интернет байланысы арқылы келген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыратын болжамды күні мен уақыты Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар келісімде атап көрсетіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру мен өтініштің келіп түскен күнін жазып қою арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасушы тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Телеарна эфирінде Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен немесе өтініш бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізудің тәртібі мен шарттарын Телеарна айқындайды.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұралған уақыт бұрын келген басқа Кандидатқа берілсе немесе техникалық мүмкіндіктерге қарай оны ұсыну мүмкін болмаса, Телеарна Кандидатқа Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақытты ұсынады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі:

Үгіт материалдары Телеарнаға Телеарна эфиріне болжамды шыққанға дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын (материалдарды беру күні есептелмейді): DVD, CD, қатқыл диск (HDD) немесе USB 2.0, USB 3.0 флеш картасы, HDD арналған файлдық жүйе немесе NTFS немесе FAT32!!! флеш-карталар сияқты материалдық тасығыштарда ұсынылады.

HD формат үшін

container: mxf/mov

codec - XDCAM HD 50 Мбит/сек либо ProRes422

profile 4:2:2

frame rate: 25

frame size: 1920 x 1080

interlacing: upper

SD формат үшін

container: mxf/mov

codec DV, IMX50

profile 4:2:2 или 4:2:0

frame rate: 25

frame size: 720 x 576

aspect ratio: 16:9

interlacing: для DV lower,

для IMX50 upper

Audio:

audio: Stereo

bits: 24

sample rate: 48000

codec: uncompressed

Audio level: -18 db

Dynamic Range: 20 dB

Титрдің рұқсат етілген аумағы (титрдің қауіпсіз аймағы, титрдің ұсынылатын орны) – экранның шетінен кейбір қашықтықта орналасқан аймақ, бұл мәтінді бұрмалаусыз көрсетуге мүмкіндік береді.

Титрлардың қол жетімді аумағы

 

Тігінен

Көлденеңінен

16:9

5,0%

10,0%

Бейнематериалмен бір мезгілде эфир уақытын беру туралы келісімге қол қоюға уәкілетті адамның немесе тіркелген Кандидаттың қолы қойылған үгіт-насихат бейнеролигінің мазмұны болып табылатын мәтіннің толық жазылуы, бейнелері үгіт материалдарында пайдаланылған адамдардың жазбаша рұқсаты, олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаты қоса ұсынылады.

Үгіт-насихат бейнероликтерінде олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы тиіс.

Телеарнаның меншік иесі үгіт-насихат бейнероликтерінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары бар болатын болса. эфирге шығарудан бас тартады

Телеарнаның меншік иесі үгіт-насихат бейнероликтерінде басқа тіркелген кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, оларды эфирден көрсетуден бас тартуға құқылы. Осы материалды ұсынып отырған тіркелген Кандидат Телеарнаның меншік иесінің талабы бойынша бейнероликтерде жоғарыда аталған ақпараттың бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауап береді. 

Осы хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіптер бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті келісімнің талаптары бұзылған жағдайда үгіт материалдары эфирден көрсетілмейді немесе кемшілік жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

 

«Коммерческий телевизионный канал» АҚ Бас директоры

 

Джамилова Э.Н.

Кеше

24 тамыз

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.