{metadescription}

Мәслихат сайлауы

 

2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті мәслихат депутаттығына кезекті сайлауға қатысатын саяси партияларға арналған АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«КТК» телеарнасының  және «Эльдорадио Алматы» меншік иесі – «Коммерческий телевизионный канал» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Телеарна) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін кезекті сайлауға қатысуға арналған Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына сайлау үшін, сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін теле- радиоарнаның эфирлік уақыты мен Ғаламтор алаңдарын ұсыну шарттары мен төлемақы мөлшері туралы саяси партияларды хабардар етеді.

Сайлау алдындағы үгін-насихат 10 желтоқсан 2020 жылы сағат 18.00-ден кейін басталып, 08 қаңтар 2021 жылы 24.00-ге дейін аяқталады.

Үгіт-насихат материалдарын орналастыру реті мен жалпы шарттары:

Телеарна Телеарнаның меншік иесі мен саяси партияның уәкілетті тұлғасының жасасқан келісім-шарты негізінде эфир уақыты мен ғаламтор алаңдарын ұсынады.

Келісім-шартқа қол кою үшін саяси партияның уәкілетті тұлғасы Телеарнаға келесі мәліметтерді ұсына отырып жазбаша түрде өтініш жасайды:

1) Сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін эфирлік уақыт/ғаламтор алаңын ұсыну туралы жазбаша өтініш беру күні мен уақыты. Өтініштер өтініштерді тіркеу журналында әр өтінішке қабылданған күні мен рет санын беру арқылы кезек бойынша тіркеледі; Өтініш беруші уәкілетті тұлғаның Т.Ә.А.;

2) Жазбаша өтініш беруге және келісім-шартқа қол қоюға өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

5) Жоспарланған эфирде/сайтта шығу күні мен уақытын, дыбыс бейне үгіт-насихат материалдарының  ұзақтығын, орналастыру түрін көрсету;

6) Жазбаша өтініш жасаған уәкілетті/сенімгер тұлғаның қолы.

7) Жазбаша өтініштер Телеарнаның меншік иесімен Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185 үй мекен-жайы бойынша демалыс және мереке күндерінен басқа, 07 желтоқсан 2020 жыл 05 қаңтар 2021 жылды қоса алған аралығында 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін қабылданады.

Факс немесе ғаламтор арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Телеарна келесідей үгіт-насихат материалдарын орналастыру тәсілдерін ұсынады:

1.КТК телеарнасының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнероликтер орналастыру;

2. КТК телеарнасының эфирінде сәйкес блокта мемлекеттік және орыс тілдерінде фильмдер орналастыру;

3. «Эльдорадио Алматы» радиостанциясында мемлекеттік және орыс тілдерінде аудиороликтер орналастыру;

4. www.ktk.kz Телеарна сайтында мемлекеттік немесе орыс тілдерінде PR-материал орналастыру.

Саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын эфирде орналастыру кезегі жазбаша өтініш түсү кезегімен, ал егер өтініш бір мезгілде түскен жағдайда жеребе арқылы белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттары Телеарнамен анықталады.

Егер жазбаша өтініш түскен сәтте сұралып отырған уақыт басқа ертерек жүгінген саяси партияға беріліп қойылған болса немесе техникалық мүмкіндіктер бойынша беріле алмайтын болса, Телеарна техникалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Телеарнаға дайын үгіт-насихат материалдары (бейне және аудиороликтер, фильмдер) Телеарна эфиріне болжалды шығуға дейін 5 (бес) күнтізбелі күн қалғанда беріледі. Бейнематериалдар CD дискте немесе USB-флеш жинақтауышта немесе HDD тасымалдаушыда ұсынылуы тиіс.

Бейнероликтер мен фильмдерге тех талаптар:

Video:
container: mov, mxf
codec: XDCAM HD 50 Мбит/сек
profile 4:2:2
frame rate: 25
frame size: 1920 x 1080
aspect ratio: 16:9
interlacing: upper

 

Audio:
audio: Stereo
bits: 24

sample rate: 48000
codec: uncompressed
Audio level: -18 db
Dynamic Range: 20 dB 


Аудиороликтерге тех талаптар:

44 100Hz, 16 bit stereo, mp3 или wav

Бейне және аудиоматериалдармен бірге эфирлік уақыт ұсыну туралы келісім-шартқа қол коюға уәкілетті тұлғаның қолы койылған үгіт-насихат материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің жазбаша нұсқасы, үгіт-насихат материалдарындағы адамдардың бейнесін көрсетуге жазбаша келісімі, ал қайтыс болған жағдайда – олардың мұрагерлерінің жазбаша келісімі, егер жарнама материалдарында кәмелетке толмаған балалардың бейнесі қолданған болса, ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша келісімі ұсынылады.

Үгіт-насихат материалдарын орналасатыру үшін эфирлік уақытты ұсыну Телеарнамен бекітілген монтаждау парағына сәйкес жүзеге асырылады. Монтаждау парағы жазбаша өтініш түскен сәттегі телеарнаның техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес, яғни телеарнаның болжалды эфирлік уақыт аралығында жарнаманың бар және/немесе жоқ болуына байланысты  материалдың эфирге болжалды шығуына 5 (бес) күнтізбелі күн қалғанда жасалады.   

Үгіт-насихат бейне және аудиороликтерінің эфирде орналастыруы қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады, 50х50.

Телеарна сайтында үгіт-насихат материалдарын орналастыру талаптары:

Мәтін Microsoft Word-та ұсынылуы тиіс. Тақырып атауы бос орындармен қоса 90 символдан артық емес болуы тиіс. Материалдар кем дегенде 1 суретпен қоса берілуі тиіс (көлденең сурет 1280х720рх JPEG, PNG форматында). Мақаладағы рұқсат етілген сурет саны – 5. Орналастырылған материалдар Desktop нұсқасында, мобильді телефон нұсқасында және Сайттың мобильді қосымшасында қолжетімді болады.

 

КТК телеарнасының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде үгіт-насихат бейнероликтерін орналастыру құны

Эфирлік уақыттың 1 минуттық құны теңгеде, ҚҚС-мен қоса көрсетілген

 

Эфирде материалдарды орналастыру уақыт аралығы

Шығу күні

Ұзақтығы

Блок түрі

Республикалық

06:00-24:00

Дс-Жс

30 секундтан кем емес және 60 секундтан артық емес

250 000

 

КТК телеарнасының эфирінде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде үгіт-насихат фильмдерін орналастыру құны

 

Эфирлік уақыттың 1 минуттық құны теңгеде, ҚҚС-мен қоса көрсетілген

 

Эфирде материалдарды орналастыру уақыт аралығы

Шығу күні

Ұзақтығы

Блок түрі

Республикалық

09:00-18:30

Сн, Жк

15 минуттан көп емес

3 000 000

 

 

Эльдорадио Алматы радиостанциясының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде үгіт-насихат аудиороликтерін орналастыру құны

 

Эфирлік уақыттың 1 минуттық құны теңгеде, ҚҚС-мен қоса көрсетілген

 

Үгіт-насихат аудиороликтерін орналастыру үшін эфирлік уақыт коммерциялық жарнамадан бос уақытта радиостанцияның жарнама блоктарында беріледі

 

Эфирде материалдарды орналастыру уақыты

Шығу күні

Ұзақтығы

Орналастыру аумағы

Алматы

блоктың басталуы  - әр сағаттың 17 және 52 минуттарында

Дс-Жк

20 секундтан кем емес 60 секундтан артық емес

14 750

 

 

www.ktk.kz Телеарна сайтында мемлекеттік немесе орыс тілдерінде PR-материал орналастыру құны

 

Құны 1 рет орналастыруға ҚҚС-мен көрсетілген

 

Орналастыру түрі

Сипаттамасы

Орналастыру құны

Сайттың «Күндерек» парақшасында PR-материал

1000 символға дейін

90 000 теңге

1 тәулікке сайттың бастапқы бетінде бекіту арқылы сайттың «Мақалалар» парақшасында мақала

5000 символға дейін (әріптер арасындағы бос орындарды қоса) 1-ден кем емес және 5-тен артық емес  сурет бекіту

308 000 теңге

Әр келесі тәулікке бекіту 56 000 теңге

 

Егер материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігін кетіру, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру, қатігездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сонымен қатар, заңнамамен көзделмеген әскери құралымдар құру туралы идеялар болса, Телеарнанің меншік иесі сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастырудан бас тартады.

Телеарнаның меншік иесі үгіт-насихат материалдарында басқа саяси партиялардың іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, оларды эфирде көрсетуден бас тартуға құқылы. Осы материалды ұсынып отырған Саяси партия Телеарнаның меншік иесінің талабы бойынша материалдарда жоғарыда аталған ақпараттың бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауап береді. 

Үгіт-насихат материалдарында қаржыландыру көзі туралы көрімделген ақпарат болуы тиіс.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын немесе ғаламтор алаңдарын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Жасасқан келісім-шарт бойынша үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін ақы төлеу Телеарнамен ұсынылған шот негізінде, 5 (бес) банктік күн ішінде, келісім-шарт пен ұсынылған шотта көрсетілген Телеарнаның банктік деректемелері бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Бас директор                                                                     Джамилова Э.Н.

Кеше

15 мамыр

Қазір эфирде