{metadescription}
“Қарағанды су” қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл жасалды
“Қарағанды су” қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл жасалды

“Қарағанды су” қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл жасалды

Қарағандыда жергілікті “Қарағанды су” коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлерін белгісіз біреулер тапа-тал түсте пышақтап, бір жұмысшы ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қанды қылмыс қаланың қақ ортасында орын алды. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан компания жұмысшылары, көшеден өтпек болған шетелдік көліктің жолында кедергі болыпты. Екі жақты келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласып, көліктегі белгісіз төрт азаматтың бірі құбыр жөндеп жатқандарға пышақ сілтеген. Онымен қоймай, бұзақылар жарақаттанған әріптесін ауруханаға жеткізбек болған коммуналдық қызмет көлігіне тапаншадан оқ жаудырған. Бұл “Қарағанды су” компаниясы қызметкерлеріне жасалған бірінші шабуыл емес. Жақында бір азамат жолында кедергі болған коммуналдық кәсіпорын көлігінің доңғалақтарын жарып кеткен.

АЗАМАТ АТКЕЕВ, Қарағанды облыстық ПД Михайлов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

-Жасөспірімдерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 257 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарақшылық шабуыл жасаған 18-20 жастағы 4 жасөспірімнің есімдері анықталды. Қазіргі кезде оларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі - бұрын жасөспірімдер ісі жөніндегі инпекцияда тіркеуде тұрған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.