{metadescription}
Петропавлдағы жергілікті газ тасымалдаушы компанияға көгілдір отын бағасын көтеруге рұқсат берілмеді.
Петропавлдағы жергілікті газ тасымалдаушы компанияға көгілдір отын бағасын көтеруге рұқсат берілмеді.

Петропавлдағы жергілікті газ тасымалдаушы компанияға көгілдір отын бағасын көтеруге рұқсат берілмеді.

Табиғи монполияларды реттеу агенттігі Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті газ тасымалдаушы компанияға көгілдір отын бағасын көтеруге рұқсат бермеді. Бұған дейін дәл осы себеппен Петропавлда нан мен жол ақысының құны қымбаттап, артынша қайта арзандаған еді. Бірақ жыл бойы шығынмен жұмыс істеп келген «Горгаз-сервис» серіктестігі «тарифті қалай болғанда да көтеруге тура келеді» - деп отыр.

Петропавлда көгілдір отынның құны өткен жылдың бірінші желтоқсанында 22 пайызға қымбаттаған еді. Қазір тұрғындар газдың әрбір текше метріне 336 теңге төлейді. Осы жолы монополист компания газ құнын тағы да 15 пайызға көтеруді сұраған. Олар мұндай қадамға «Теңізшевройл» компаниясының өнім бағасын көтерген соң, барып отырмыз, -дейді. Сондай-ақ, газ тасымалдау құны мен кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы да едәуір өскен. «Горгаз-сервис» серіктестігінің директоры : «Кәсіпорын жыл бойына шығынмен жұмыс істеп келеді. Егер жағдай осылай боп қала берсе, банкроттықтың ауылы алыс емес», - дегенді алға тартады. Ал, ол кезде 200 мың тұрғыны бар Петропавл мүлде көгілдір отынсыз қалуы мүмкін.

ЮРИЙ ШИШКИН, «ГОРГАЗ СЕРВИС» серіктестігінің директоры:

-Осы жолы біздің өтінішімізді сынықтан сылтау іздеп, кері қайтарып берді. Бірақ қала тұрғындарын мүлде газсыз қалдырмас үшін, жаңа жылға дейін тағы да тарифті көтеруге өтініш береміз. Егер бұл ұсынымыз қанағаттандырылмаса, сотқа жүгінуге мәжбүрміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде