{metadescription}
Алматы-Бейжің әуе бағыты бойынша ақшаны заңсыз алып жүрген Қытай азаматы ұсталды.
Алматы-Бейжің әуе бағыты бойынша ақшаны заңсыз алып жүрген Қытай азаматы ұсталды.

Алматы-Бейжің әуе бағыты бойынша ақшаны заңсыз алып жүрген Қытай азаматы ұсталды.

Халықаралық қаржы дағдарысы басталғалы Қазақстаннан валютаны заңсыз әкету оқиғалары көбейді. Бұл жолы Қытай азаматтары «белсенділік» танытып отыр.

Алматы-Бейжің әуе бағыты бойынша ұшатын рейсті рәсімдеу кезінде, жалпы сомасы -140 мың 460 АҚШ доллары мен 400 евро ақшаны заңсыз алып өтпекші болған Қытай азаматы ұсталды. Оның қолында ақшаны шекара асыруға рұқсат беретін құжаттар жоқ болып шықты. Заң бойынша шетелге шығатын азаматтар 10 мың доллардан асатын қаржыны салық декларациясында көрсетуі тиіс. Ал араға бір күн салып, тағы бір Қытай азаматы қолға түсті. Соңғысы сөмкеге 50 мың АҚШ долларын салып алып, әуежайдағы кеден бекетінен өтіп кетпек болған. Аталған екі жәйтте де, қолға түскен сома тәркіленіп, мемлекет меншігіне өтеді.

Арнұр Икранбеков, Алматы қалалық Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары:

-Осы оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады. Қазір жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде