{metadescription}
Жаңа жылдан бастап еліміздегі ең төменгі зейнетақы 30 пайызға өседі.
Жаңа жылдан бастап еліміздегі ең төменгі зейнетақы 30 пайызға өседі.

Жаңа жылдан бастап еліміздегі ең төменгі зейнетақы 30 пайызға өседі.

Бүгін Мәжіліс депутаттары осындай өзгерісті зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасына енгізді. Бұл құжатқа сәйкес зейнетақы төлемдерін есептеуде ескерілетін ең жоғары кірістің шектеу көлемі де ұлғаяды. Бұған дейін ол 25 айлық есептік көрсеткіш болса, енді ол 28 айлық есептік көрсеткішке жеткізілді.

Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Бұл жерде былтырғы көтерілген сұрақтарды ескере келе, зейнеткерлердің ең төменгі алатын зейнетақысын көбейту мақсатында ең төменгі және орта зейнетақы алатын кісілердің зейнетақысын орта есеппен 30 пайызға, ал жоғарғы зейнетақы алатын зейнеткерлердің зейнетақысын 22 пайызға көтеруді ұсынып отырмыз.

Бүгін Парламент Мәжілісі ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін қолдауға бағытталған заң жобасын да бірауыздан мақұлдады. Құжат негізінен ауылдық жерлерге баратын жас мамандарды, яғни дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдауды көздейді. Атап айтқанда, ауылға барған әрбір мамандық иесіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй сатып алу үшін несие беру. Бұл несие 15 жылға нөлдік мөлшерлеме бойынша беріледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде