{metadescription}
Көкшетау қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы  спорт мектебіндегі оқушылар жұқпалы дертке шалдықты
Көкшетау қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы  спорт мектебіндегі оқушылар жұқпалы дертке шалдықты

Көкшетау қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебіндегі оқушылар жұқпалы дертке шалдықты

Көкшетау қаласындағы олимпиада резервтерін даярлайтын балалар мен жасөспірімдер мектебі карантинге жабылды. Жұқпалы дертке шалдыққан мектептің 10 оқушысы қазір облыстық тері аурулары ауруханасында жатыр. Балалардың жай-күйімен осы өңірдегі тілшіміз Айзат Тұрғынбекқызы танысып қайтты.

Кейінгі кездері жергілікті шенеуніктердің көңіл көтеретін орнына айналған оқу орнындағы ахуалға бұған дейінгі хабарларымыздың бірінде тоқталған едік. Олимпиада резервтерін дайындайтын спорт мектебінде жуынатын бөлмелердің өзі тапшы. 500-ден аса оқушының пайдалануында бар болғаны, 2 сауна мен екі душ қана бар екен. Арнайы тексеру жүргізген облыстық СЭС мамандары мектепте тазалықтың мүлде сақталмағанын айтады. Енді зардабын балалар шегіп отыр. Жұқпалы теміреткімен тері аурулары ауруханасына түскен 10 баланың жағдайы қазір қалыпты.

Александр Еремеев, Ақмола облысының бас санитар дәрігері:

-Материалды сотқа бердік. Бұл біздің жағдай ушыққан кезде жасайтын соңғы қадамымыз. Сөйтіп, сот шешімімен спорт мектебі жабылды. Енді толық уытсыздандыру шаралары жасалады.

Облыстық СЭС- тің мамандары санитарлық талаптар орындалмаған мектеп басшылығына бұған дейін де бірнеше ескерту жасағанымен, олар оны елемей, жұмыстарын жалғастырып келген. «Тері ауруының тез жайылып кетуінің себебі де сонда», - дейді дәрігерлер. Енді облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мамандары: «Спорт мектебінің оқушыларын ғана емес, мұнда шыныққан адамдардың бәрін тексеруден өткізу керек» - дейді.

Жеңіс Ілиясов, Ақмола облыстық тері-венерологиялық диспансерінің меңгерушісі:

-Кішкентай бала ма, жұмыскер ме, әлде шенеуніктер ме, дәрігерлерге бәрібір. Барлығы медициналық тексеруден өтуі керек.Кім болса да.

Қазір балалар тері-венерологиялық диспансерінде ем қабылдап жатыр. Егер бір айда жазылмаса, емделу уақыты тағы ұзартылмақ.

«Спорт денсаулық кепілі» деп балаларының құлағына жастайынан құйған ата-аналар, карантин мерзімі өткен соң, мектептегі жағдай оңалады дегенге сенбей отыр. Бұл сұраққа жауап іздеп, мектеп басшысына жолықпақшы болғанда, ол кісіні таба алмадық. Осы жағдайдың орын алуына себепші оқу орнының директоры да сырқаттанып қалыпты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде