{metadescription}
Тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектердің тапшылығы
Тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектердің тапшылығы

Тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектердің тапшылығы

Алматыда биыл тегін және жеңілдіктермен берілетін дәрі-дәрмекке 2 млрд-қа жуық теңге бөлінген. Бірақ тұрғындар бұл игіліктен қағылып отыр. Оның себебі - ақпарат жеткіліксіз. Әрі рецепт бойынша берілетін кейбір дәрілік заттардың қоры біткен. Тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілердің тізіміне біздің тілшіміз шолу жасады.

Нұрбике Ережепованың қан қысымы жиі көтеріледі. Зейнеткер дәрі-дәрмекті дәрігердің рецепті бойынша сатып алады. Қария ақысыз және жеңілдікпен берілетін дәрілердің тізімінен мүлдем хабарсыз.

Нұрбике Ережепова, зейнеткер:

-Дәрілердің тегін берілетінін мен бүгін білдім. Сол дәріні 50 пайызбен алғанда, бәрімізге жақсы болар еді.

Өкініштісі, қазір емханаларда тегін және жеңілдікпен берілетін кейбір дәрі-дәрмектің түрлері таусылған. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, былтыр фармацевтикалық заттарды тасымалдаушылар медициналық мекемелерді дәрілермен қамтамасыз етсе, Жаңа жылдан бастап бұл дәріханалардың құзырына беріліпті. Әзірше емдеу мекемелерінде құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттары бар дәрілер ғана жеткілікті. Ал ақысыз дәрі-дәрмек осы айдың соңында ғана берілуі мүмкін.

Наталья Зеленская, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

-Осыған байланысты дәрі-дәрмектерді сатып алу үдерісі уақытша тежелді. Яғни жаңа нормативті базаларды енгізудің салдарынан, дәрілік заттарды сатып алу кешіктіріліп жатыр.

Алматыдағы 700 дәріхананың 13-інен ғана дәрігердің рецептісі бойынша нәрестелерге, жасөспірімдерге қарапайым парацетомол, оксолин майын да ақысыз алуға мүмкіндік бар. Тізімге аурудың 28 түрі енгізілген, 49 препаратты тегін немесе жеңілдікпен алуға болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.