{metadescription}
Испания примера лигасында  20-шы турдың нәтижелері белгілі болды
Испания примера лигасында  20-шы турдың нәтижелері белгілі болды

Испания примера лигасында 20-шы турдың нәтижелері белгілі болды

Испания примера лигасында 20-шы турдың нәтижелері белгілі болды. Көш тізгінін бекем ұстаған “Барселона ”, өз алаңында 4:1 есебімен “Нумансияны” тізе бүктірді. Бәсекенің бірінші бөлігінде қақпаларын берік ұстаған қақпашылар мен қорғаушылар, алғы шептегілердің әрекетін жоққа шығарғанымен, үзілістен кейін іске шындап кіріскен “Барселонаның ” ауыр артиллериясы қарсыластарын шыдатпады. Алдымен Даниэль Алвестің пасын голға асырған Лионель Месси бүгінгі матчта қос доптың авторы атанса, қалған екі екі гол оның командалас әріптестері Самюэль Это О мен Тьерри Анридің есебінде. Турнир...

стесінде екінші орында келе жатқан король клубы “Реал”, осы күні өз жанкүйерлері алдында “Депортиводан” үздік шықты. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда “Портсмутттың” бұрынғы футболшысы Лассан Диарраның әуелетіп шығарған добын баспен соғып торға түсірген Рауль , ойын тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы атанды. “Барселона” бастаған алғашқы үштіктің қатарында келе жатқан “Севилья” , бұл жолы өз жанкүйерлерінің көңілінен шыға алмады. “Расингті” қабылдаған алаң иелері ойынды екі рет ортадан бастаудан басқа амал қалмады. Алдымен Сезар Навас мергендік танытса, екінші гол Жигиштің еншісінде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде